Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Бақытжан Базарбек қағып кеткен ер адам ауруханадан шықты

Бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт Қошанов ауруханадан шықты, деп хабарлайды paryz.kz.

Бақытжан Базарбек қағып кеткен ер адам ауруханадан шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады.

Бейнежазбада Нұржігітті Тараз қаласының қалалық көпбейіндік ауруханасының дәрігерлері мен экс-депутат алып шығып, тезірек сауығып кетуін тіледі.

«Нұржігітті Тараз қаласының қалалық көпбейіндік ауруханасынан шығардық. Нұржігіт соңғы 3 күн бойы емханадан шығуға асығып отырған. Міне, 31 күні емханадан аман-сау шығып отыр», – деп жазды экс-депутат.