Той кезінде жас жұбайлардың тортқа қатысты пікірі сәйкес келмей, олардың арасында түсініспеушілік туындады, деп хабарлайды paryz.kz.
Әлеуметтік желіде тараған кадрда тамада күйеу жігіттен «Тортты бірінші кім жейді?» деп сұрайды. Күйеу жігіт тортты алдымен ата-анасына ұсынатынын айтқан. Алайда қалыңдық оның жауабымен келіспеген.
Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Желі қолданушылары оқиғаға қатысты түрлі пікір білдіріп, «Ешкім жемей-ақ қойсын», «Тамада іріткі салды», «Торт деген бәле болды ғой» деген пікірлер қалдырған.