Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

«Комадан шықты»: Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен жігіттің жағдайын айтты

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол-көлік оқиғасынан кейін ауыр жағдайда ауруханада жатқан Нұржігіттің денсаулығына қатысты жаңа ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Комадан шықты»: Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен жігіттің жағдайын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Бақытжан Базарбектің айтуынша, Нұржігіт жол апатынан кейін 24 күн өткен соң комадан шыққан. Қазір ол есін жиып, әйелін, балаларын, аға-інілері мен туған-туыстарын танып отыр.

«Еліміздің бетке ұстар реаниматологы, Мусин Гамзат Афендиевич бастаған Тараз қаласының анестезия және реанимация бөлімінің кәсіби реаниматологтары Денсаулық сақтау министрлігінің көмегімен жан-жақты, сапалы ем жасап, Нұржігітті аяғына тұрғызуда», – деп жазды Бақытжан Базарбек.

Экс-депутат сондай-ақ БАҚ өкілдерінен Нұржігіттің жағдайына қатысты ақпаратты бұрмаламай, шынайы дерекке сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауды сұрады.

«Дұға тілеп, жаудырып жатқан халқым, еліме рахмет!» – деді ол.