Қазақстандық актер әрі аралас жекпе-жек (ММА) шебері Еркебұлан Тоқтар бейәдеп сөздер айтқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі белгілі ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтардың әлеуметтік желілерде бейәдеп сөздер айтқан видеосы анықталғанын мәлімдеді.
"Танымалдылық жауапкершіліктен босатпайды. Алматы қаласы Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп нақтылады прокуратура.