Прямая трансляция

Астана

Астана

30°C

«Дәрігерлердің салғырттығынан»: Атырауда 16 жастағы қыз ауруханада көз жұмды

Атырауда Айжан Жаркен есімді 16 жастағы жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Дәрігерлердің салғырттығынан»: Атырауда 16 жастағы қыз ауруханада көз жұмды
Фото: istockphoto

Анасының айтуынша, қызы ауруханаға өз аяғымен барғанымен, үйіне тірі оралмаған. Ол дәрігерлердің тиісті ем жүргізбегенін айтып, қызын қараусыз қалдырған медицина қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Бұл туралы журналист Жұлдыз Қайратқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Марқұмның анасы қызының денсаулығына қатысты медициналық көмек дер кезінде көрсетілмегенін алға тартқан.

Оның сөзінше, дәрігерлердің әрекетінен кейін отбасы тұңғышынан айырылған. Қайғылы жағдайға байланысты отбасы медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі қаралып, кінәлілердің қатаң жазалануын талап етіп отыр.