Прямая трансляция

Астана

Астана

4.59°C

"Көбің кресло үшін, басшыға жағу үшін салдырдыңдар!": Балғынбек Имашев екпеге қатысты жанайқайын жеткізді (ВИДЕО)

Сонымен қатар, сөз соңында ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.

"Көбің кресло үшін, басшыға жағу үшін салдырдыңдар!": Балғынбек Имашев екпеге қатысты жанайқайын жеткізді (ВИДЕО)
Фото: дереккөз

Отандық танымал ақын Балғынбек Имаш елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны салу мәселесіне қатысты өз ойын айтты. Өнер иесі елімізде екпені мәжбүрлі түрде салдыртып жатқанын алға тартып, өз жанайқайын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Балғынбек Имаш вакцинаға деген наразылығын өзінің Instagram парақшасында білдірді. Айтыскер ақын індетке қарсы екпеге түбегейлі қарсы екенін ашық айтып, вакцинацияның ерікті түрде өтпей жатқанына шүйлікті.

"Вакцина салдыру ерікті түрде деген бос сөз болғаны ма? Біздің биліктің сөзіне сенуге болмайтын сияқты. "Мектеп директорларын "қамшылау керек" деген не масқара? Қайдасыңдар, батыр қазақтың ерлері мен қыздары? Елдің көз-жасына қалудан қорқатын басшы қалмаған ба? Мекеме басшылары! Әр түрлі деңгейдегі әкім-қара, шенеунік, директор, ректор, т.б қызметтегі азаматтар! Алланың алдында қол астыларыңдағы әр адамның хақынан сұраласыңдар! 

Вакцина алдым деп жаһанға жар салған желідегі жарнамашылар! Не үшін? Ешкім қыстамаса, өтінбесе, сұрамаса, талап етпесе, белгісіз екпені не үшін, кім үшін насихаттап жатырсыңдар? Рамазан айы ғой. Өтірік ақталмаңдар! Алла жүректеріңдегі сырды біледі. Көбің кресло үшін, басшыға жағу үшін салдырдыңдар! Денсаулық үшін емес! Бәріңнің жүректеріңде күмән бар! Көбің тәуекелге бардыңдар. Өзіңнің артың шыдамады, мақұл. Енді басқаларды зорламасаңдаршы! Маған дайректке жазып жатқандар жетеді.

Амал жоқ, жоғарының бұйрығымен, қоқан-лоққысымен салдыруға мәжбүрміз" дейді. Өз еркімен салдырғандарға қарсы айтарым жоқ. Бірақ, олардың саны аз ғой. Көбі амалсыз салдыруда. Мен екпеге қарсымын! Бүгін "халық жауы" қылсаңдар да осы пікірде қаламын. Қайда менің Ата Заңыммен кепілдік берілген құқығым?" , - деп жазды Балғынбек Имаш. 

Сонымен қатар, сөз соңында ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.

"Мен, сондай-ақ, ЛГБТ-ның насихатына, жеріміздің талан-таражға түсуіне, отбасымның тәрбиесіне қол сұғылуына, діни сенім бостандығыма қол сұғылуына, ұлттық сал-дәстүрімді "ескілік, жабайылық" саналуына, Ана тілімнің тұқыртылуына қарсымын! Бас санитардың шешімі, Денсаулық министрлігінің бұйрығы - Ата заңымдағы құқығымнан жоғары емес! Құрметті, Қасымжомарт Кемелұлы! Сіз мемлекет басшысы ретінде осы елдегі әрбір заңбұзушылықты тиюға, жол бермеуге тиістісіз", - деді ол. 

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды