Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Шымкентте 8 наурызға орай біржолғы әлеуметтік төлем кімге беріледі

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Шымкентте көпбалалы аналар бір реттік әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте 8 наурызға орай біржолғы әлеуметтік төлем кімге беріледі
Фото: pixabay

Қала әкімдігіне сілтеме жасаған басылымның жазуынша, 8 наурызға арналған біржолғы төлем "Алтын алқа" және"Күміс алқа" иегерлеріне, "Батыр ана" атағын алған әйелдерге, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталғандарға беріледі.

Мерекелік жәрдемақы 2026 жылғы 8 наурыздағы жағдай бойынша Шымкентте тұрақты тіркелген әйелдерге төленеді.

Барлығы қалада 14 267 анаға материалдық қолдау көрсету жоспарланған.

 Біржолғы әлеуметтік төлем 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (21 625 теңге) беріледі.

Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген. Төлемді алушылардың тізімдері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының деректері негізінде автоматты түрде қалыптасады.

Ешқандай өтініштер талап етілмейді, төлемдер белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.