"Роскосмос" ғарышкері және Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері Олег Артемьев Балқаштың ғарыштан түсірілген видеосын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Ресейлік ғарышкер бүгін, 17 ақпанда, Instagram желісіндегі парақшасында Балқаштың орбитадан түсірілген видеосын жариялады.
"Әлемдегі ең әдемі көлдердің бірі ғарыштан қалай көрінеді? Таңғажайып! Балқаш көлінен өтіп барамыз", - деп жазды Олег Артемьев.
Видеоны көрген желі қолданушыларының ішінде қазақстандықтар да әсерін бөлісіп, пікір қалдыруда.
"Сүйікті Қазақстаным! Рақмет", "Өзіміздің Қапшағай да көрініп тұр", "Бізге осы сұлулықты көрсеткеніңіз үшін рақмет", "Балқашты көгілдір түсінен бірден тануға болады", "Мен сүйікті Балқашымды бірден таныдым", - деп пікір қалдырды әлеуметтік желі қолданушылары.