Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Әкесі инсульт орталығында жатыр": Еркін Нұржановқа қатысты жағымсыз жаңалық шықты

Танымал әнші Еркін Нұржановтың әкесі Шымкенттегі №2 қалалық ауруханасына түсіп, ем қабылдады, деп хабарлайды Paryz.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

"Әкесі инсульт орталығында жатыр": Еркін Нұржановқа қатысты жағымсыз жаңалық шықты
Фото: видиодан скриншот

Бұл туралы аурухана дәрігері Руслан Тастанбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Еркін Нұржанов ағамыздың әкесі 2 қалалық аурухана инсульт орталығына науқастанып түсіп қалып еді, қазіргі таңда жақсарумен келе жатыр.Ағамыз алғысын айтып жатыр. Ата аналар ауырмасын, әрқашанда аман болсын!» — деп жазды дәрігер.

Желі қолданушылары қарияға ізгі тілектерін тілеп жатыр. "Аман болсын. Алла шипасын берсін", "Сауығып кетсін", "Жұмыстарыңызға сәттілік", - деп жазды оқырмандар.