Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Әнші Ерболат Құдайбергенов ұсталды ма? Менеджері нақты жауап берді

Әлеуметтік желіде «полиция қызметкерлері танымал әнші Ерболат Құдайбергенді ұстап, наркологиялық орталыққа жеткізді» деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әнші Ерболат Құдайбергенов ұсталды ма? Менеджері нақты жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден

Тараған бейнежазбада желі қолданушылары «Ерболат Құдайбергенге ұқсайды» деп болжаған азаматтың полиция қызметкерлерімен бірге тұрған сәті көрсетілген.

Осы жағдайға байланысты редакция әншінің менеджерімен байланысқа шықты. 

«Бұл – жалған ақпарат. Қазіргі уақытта концерттерге шығып жүрміз, бәрі жақсы. Соңғы өнер көрсеткен жеріміз – Астана», – деді ол.