Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Енем мен атамнан таяқ жедім»: Таразда бұрынғы күйеуінен кек алмақ болды деген әйел өз шындығын айтты

Тараз қаласында бұрынғы күйеуінен кек алу үшін өз баласын ұрды деген әйелдің оқиғасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.

«Енем мен атамнан таяқ жедім»: Таразда бұрынғы күйеуінен кек алмақ болды деген әйел өз шындығын айтты
Фото: видиодан скриншот

Әйел бұл жағдайға қатысты өз шындығын айтып, Instagram желісінде видео жариялаған. 

Оның айтуынша, қоғам тарапынан түрлі ауыр пікірлер айтылып, қатты қысым көрсетілген.

«Әкімшілік ана құқығынан айыру керек дегенге дейін барды. Қысымнан балкон терезесінен секірмекші болдым, яғни өз-өзіме қол жұмсамақ болдым. Себебі мұндай жағдай менің өмірімде бірінші рет емес. Күйеуімнен, қайын атамнан, қайын әпкемнен бірнеше рет соққы көрдім. Ұлыма екіқабат кезімде де өз-өзіме қол салуға әрекет жасағанмын», — деп жазды ол.

Аталған жағдайға байланысты құзырлы органдар тарапынан қандай да бір шешім қабылданғаны жөнінде әзірге ресми ақпарат берілген жоқ.