Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жамбыл облысында күрес түрінен оқу-жаттығу жиынына келген 22 бала ауруханаға жеткізілді

Жамбыл облысында күрес түрінен оқу-жаттығу жиынына келген 22 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған paryz.kz.

Жамбыл облысында күрес түрінен оқу-жаттығу жиынына келген 22 бала ауруханаға жеткізілді
Фото: istockphoto

Жамбылы облысы әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылғы 21 қаңтарда сағат 22:40 шамасында Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына "Тұран" демалыс орнынан 12-17 жас аралығындағы 22 жасөспірім жеткізілген.

Олар Қызылорда облысынан ауданға күрес түрінен оқу-жаттығу жиынына келген. 

"Алдын ала диагноз – этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит. Аурудың себептерін анықтау мақсатында пациенттерден және тағам өнімдерінен зертханалық сараптамалар алынған, қазіргі таңда қорытындысы күтілуде. Аталған жағдай бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бұл факті 2026 жылғы 21 қаңтарда Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркелген.

Құзырлы органның тексеру қорытындысы негізінде тиісті процестік шешім қабылданады. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес, оқиға орнына облыс әкімінің орынбасарлары Айжан Есмағамбетова мен Серік Сәлемов барып, жедел штаб отырысын өткізген.

"Балалар медициналық бақылауға алынған, тиісті органдар тарапынан барлық қажетті шара қабылданып жатыр. Айта кетейік, аталған демалыс орнында барлығы 103 жас спортшы мен 13 жаттықтырушы қоныстанған. Ауруханаға жүгінген пациенттердің жағдайы жеңіл дәрежеде деп бағаланып отыр, денсаулығы қалыпты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Демалыс орнындағы басқа балаларға медициналық тексеру жүргізілді, ауру белгілері анықталған жоқ, профилактикалық шаралар жалғасуда", - делінген хабарламада.