Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қайрат Сатыбалдыұлы Алматыдағы қонақ үйінің ғимаратын мемлекетке сыйға тартты

Қайрат Сатыбалдыұлының Алматыдағы Есентай өзенінің жағасында орналасқан қонақ үйі сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне сілтеме жасап.

Қайрат Сатыбалдыұлы Алматыдағы қонақ үйінің ғимаратын мемлекетке сыйға тартты
Фото: t.me/antikornews

NUR.KZ тілшісі Қайрат Сатыбалдыұлының Алматыда орналасқан қонақ үйі "сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке берілді" деген ақпаратқа қатысты түсініктеме алу үшін Алматы қалалық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне хабарласты. Департамент өкілдері бұл ақпаратты растады.

"2023 жылдың тамызында сыйға тарту шарты негізінде қонақ үй мемлекет меншігіне, ал қыркүйекте Сот әкімшілігі департаментінің балансына берілді", - деп жауап берді департамент өкілі.

Департаменттегілер қонақ үй Көктем шағынауданында орналасқанын атап өтті.