Журналист Руслан Өтепбай құлдықтан босап, Тараз қаласында тұрып жатқан апалы-сіңілі қыздарды жаңа жылдарымен құттықтады, деп хабарлайды paryz.kz.
«Құндыз бен Назгүлдің жағдайынан хабар алу үшін араға төрт ай салып, Таразға келдім. Қос қарындасымды көріп, жаңа жылдарымен құттықтап, сөйлесіп қайттым. Құндыз бен Назгүл сіздерге сәлем айтып жатыр», – деп жазды Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ ол Қытайдан арнайы алып келген сыйлықтарын табыс етті. Әсіресе, Құндызға сыйлыққа келген микрофон қатты ұнаған. Ол онымен қонақтарға «Таңғы елес» әнін орындап берген.