Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Танымал боксшы Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

Белгілі боксшы Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасаған paryz.kz.

Танымал боксшы Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды
Фото: әлеуметтік желіден

"Нұрдәулетов Бекзад Жалғасбайұлы Маңғыстау облысы бокс бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің басшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бекзад Нұрдәулетов 1998 жылғы 10 сәуірде Түркіменстан Республикасының Балқан облысында дүниеге келген.

"Маңғыстау бокс клубы" ЖШС-ға бокстан нұсқаушы-спортшы ретінде қабылданған.