Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Танымал актер Мұрат Бисембин өмірден өтті

"Рэкетир" культтік дилогиясында қылмыстық авторитет Русланның рөлін сомдаған қазақстандық актер Мұрат Бисембин қайтыс болы, деп хабарлайды paryz.kz.

Танымал актер Мұрат Бисембин өмірден өтті
Фото: әлеуметтік желіден

Қаралы хабарды оның қызы мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Бисембин ауыр дертке шалдығып, ауруханаға түскен еді. Артынша оның инсульт алғаны да мәлім болды.

"Шексіз жақсы көремін", - деп жазды қызы парақшасында.

Мұрат Бисембин (1973, Қызылорда) — Қазақстандық актер, тележүргізуші.

Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы — инженер-электрик. 2000 жылдан Алматы қаласында тұрады. 2001 жылдан киноға түсіп келеді. Ең таңдаулы кейіпкерлері ресейлік "Параграф 78" фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир" және "Ағайынды" фильмдерінде сомдалған.

Бисембинге танымалдық алып келген "Рэкетир" фильмінен кейін көрермендер актерді әлі де аталмыш туындыдағы Руслан образымен байланыстырады. Актерліктен бөлек Мұрат бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысқан.