Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Бірінші күйеуім ұрып-соқты»: Индира Расылхан жеке өмірінен сыр шертіп, жылап қалды

Әнші Индира Расылхан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Бірінші күйеуім ұрып-соқты»: Индира Расылхан жеке өмірінен сыр шертіп, жылап қалды
Фото: видиодан скриншот

Индира Расылхан бірінші күйеуінен таяқ жегенін, бір баласы шетінеп кеткенін бүкпесіз баяндады.

"Кезінде бас тартқаннан кейін мен ол кісіге қалай айта беремін? Қыздарының бар екенін мен оның есіне неге сала беруім керек? Неге мен айта беруім керек? Содан кейін мен аяғым ауыр кезде кетуге мәжбүр болдым. Себебі: ұрып-соғу. Ішіңдегі балаға зиян келмес үшін ол нәрсені істейді екенсің. Кеттім. Өзі үйден қолымнан жетектеп шығарып жіберді. Енді сен керек емессің деді. Өз әке-шешемнің үйінде босандым. Ол кезде 24 жаста едім. Бір қызым болған, ол шетінеп кетті. Мен ол кісіге қарсы сөйлеп, дауысымды көтеріп айқайлап көрген емеспін. Жылап отыра беремін. Басқа амалым жоқ болатын", - деді ол.