Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 03.12.2025 05:31

Шымкенттік жігіт Меккеге дейін велосипедпен барған

Ролан Анатолы есімді жас жігіт велосипедпен Шымкенттен Меккеге дейін 49 күнде жеткен. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды paryz.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкенттік жігіт Меккеге дейін велосипедпен барған
фото: әлеуметтік желіден

Ролан велосипедпен жолға 13 қазан күні шығып, 8 мың шақырым жол жүрген.

Оның айтуынша, Меккеге жету үшін Қазақстан – Ресей – Грузия – Армения – Иран – ОАЭ – Қатар – Сауд Арабиясы бағытты ұстанып жеткен.

Аллаға мың да бір шүкір, Меккеге жеттім. Баршаларыңызға жұғысты болсын. Мен мақсат қойдым, әрекет жасадым. Мақсатыма жеттім, – делінген жазбада.

Шымкенттік жігіт Меккеге не себепті велосипедпен барғанын түсіндірген. Сапарымның мақсаты – құлшылық жасау.

Бірақ та, жолдың бойында әсем табиғаттар бар, солардың барлығын көзіммен көріп, тамсанып барамын, – деді Ролан Анатолы.