Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 24.11.2025 11:21

«Соңына дейін барамын»: Жан Ахмадиев Мұқасан Шахзадаевқа үндеу жасады

Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев танымал әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаевқа өз позициясын ашық білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Соңына дейін барамын»: Жан Ахмадиев Мұқасан Шахзадаевқа үндеу жасады
Коллаж: sn.kz

Белсендінің айтуынша, жарияланған видео көпшіліктің назарын аударып, бірқатар әншілер оған хабарласып, жазбаны өшіруді сұраған. Алайда Ахмадиев бұл өтінішке келіспейтінін мәлімдеді.

Ол өз сөзінде: «Кешегі жазбамнан кейін біраз әншілер хабарласып, видеоны өшіруді сұрап жатыр. Мұқасан аға, араға адам салуды доғарыңыз. Видеоны өшірмеймін, себебі жәбірленушінің алдында жауапкершілігім бар. Одан да Ғалымжанға хабарласып, кешірім сұраңыз. Әйтпесе, жазаңыз ауырлап кетеді. Біз соңына дейін барамыз», – деді Жан Ахмадиев.