Прямой эфир
Астана
25.77°C
Журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында “Перзент” балалар үйіндегі өрттен кейінгі жағдай туралы жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Оның айтуынша, бұл мекемеде тек тұл жетімдер ғана емес, ата-анасы бар балалар да тәрбиеленген
«Балалар үйінде тек тұл жетімдер тұрады деп ойлаппын. Сөйтсем, ұл-қызын асырай алмай, киерге киім, ішер ас таппаған отбасылар да бауыр етінен бас тартып, балалар үйіне өткізіп жібереді екен. Кеше өртеніп кеткен “Перзент” үйінде осындай тірі жетімдер де болыпты. Уақытша шипажайға жайғасқан 35 баланың 15-і Алматы облысының тұрғындары екен. Төтенше жағдайдан кейін 8 баланы әке-шешесі үйіне алып кеткен. Тағы жеті баланы ата-аналары сенімхат арқылы қалдырып кетіпті. Былай қарасаң көбінің ата-анасы бар екен. Көзін мөлдіретіп қалай ғана жетімдер үйіне өткізіп жеберген сонда? Неткен тасжүректер еді?!», - деп жазды ол.
Ол сондай-ақ Бағанашылдағы балалар үйін Алматы облысына көшіру мәселесіне қатысты пікір білдірді.
Журналистің айтуынша, Қапшағайда ашылған жаңа әлеуметтік нысанның мақсаты – балалардың қауіпсіздігі мен жағдайын жақсарту.
«Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев балаларды жинап алып жұмысқа жегейін немесе Қапшағайдың қоқысын тергізейін демеген шығар? Тағдыр тәлкегіне түскендер таза, қауіпсіз, алаңсыз жерде ержетіп, бойжетсін деген ниетпен көшірмек еді. Өйткені ата-анасы тастап кеткен қаракөздердің қауіпсіздігіне мемлекет жауапты. Оларға бір жағдай болса шулап жүрген шолақбелсенділер емес шенеуніктер басымен жауап береді. Сондықтан жекелеген және мемлекеттік жетімдер үйінің бәрін тексеру керек. Ғимараттың қауіпсіздігі, балаларға қандай тәрбие беріліп жатыр бәрін бақылау қажет. Құдай қарасып, кешегі өрттен барлық балапан аман қалды. Бірақ бұл бізге берілген сигнал. Сабақ алайық!!!», деп жазды Диас Нұрақын.