Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бақытгүл Хаменова тойда жүр: Комитет пікір білдірді

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Бақытгүл Хаменова Атырауда тойға барған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бақытгүл Хаменова тойда жүр: Комитет пікір білдірді
фото: видеодан скриншот

Ведомство мәліметінше, Бақытгүл Хаменова пробация қызметінің бақылауында.

"Бақытгүл Хаменова Атырау қаласының №2 сотының заңды күшіне енген үкімімен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Баласы барын ескеріп, сот Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлігін қолданды, жазаны өтеуді үш жылға кейінге қалдырды", - деді ҚАЖК өкілі.

Десек те, комитет ақпаратына сүйенсек, "сот мәдени-бұқаралық немесе өзге де қоғамдық іс-шараларға қатысуға қатысты шектеулер белгілемеген".