Танымал әнші Айдана Меденованың күйеуі әлеуметтік желідегі парақшасында бастарынан өткен сынақтарының бірімен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info
Әлішердің сөзінше әйелі қызын босану барысында біраз уақыт ес-түссіз жатқан. Шұғыл түрде ота жасап, аман алып қалған.
"Менің Ханиым Менің кенже қызым. Менің бесінші балам. Өмірінің алғашқы минуттарын менің кеудемде өткізген жалғыз бөпем… Бұл мүлде жоспарланғандай болмады, біз Айдананы жоғалтып ала жаздадық… Қазір сол түнді күлімсіреп еске ала аламын, бірақ ол кезде, 2024 жылдың 17-нен 18-не қараған түні, мен бұрын-соңды болмаған зор күйзелісті бастан кештім. Жұбайымды перзентханаға алып келдім, бәрі тыныш, қалыпты жүріп жатты. Мен Ханимен кездесуге моральдық тұрғыда дайындалып отырғанмын, ал Айдана стандартты босануға дайындық процедураларынан өтіп жатты. Кейін оны дәрігерлермен бірге есіктің арғы жағына алып кетті…
Мен күтіп қалдым. Алғашында әдеттегі әңгімелер мен қадамдардың дыбысы естіліп тұрды… кенет тыныштық орнады. Құлақ түріп тыңдадым — ештеңе естілмейді. Бірнеше минуттан кейін медбике жүгіріп шықты, ал бас дәрігер оған айғайлап жатыр: «Операциялық бөлмені дайындаңдар!» Анестезиолог кіріп келді, бәрі көз ілеспес жылдамдықпен болып жатты. Дежурный қызметкер мені сыртқа шығарып:
«Барлығы жақсы болады. Күтіңіз,» — деді.
15 минуттан соң маған Ханифаны алып келіп, кеудеме жатқызды. Ал Айдана сол сәтте ес-түссіз, жедел операциядан кейін жатқан еді… Алланың қалауымен бәрі жақсы аяқталды. Дәрігерлер өте нақты әрі кәсіби әрекет етті. Олардың жылдам шешімі мен уақытылы жасаған ісі Айдошканың өмірін сақтап қалды, ал бәрі мүлде басқаша аяқталуы да мүмкін еді… Әлхамдулиллаһ", - деп жазды ол.