Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Түркістандық полиция қызметкерлері Меккеге жаяу бет алған азаматқа көмек көрсетті

Түркістанда патрульдік полицейлер Меккеге жаяу бара жатқан азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды облыстық ПД

Түркістандық полиция қызметкерлері Меккеге жаяу бет алған азаматқа көмек көрсетті
фото: видеодан скриншот

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, кезекшілік кезінде полиция қызметкерлері жол бойында жаяу кетіп бара жатқан ер адамды байқап, тоқтап жағдайын сұраған.

Белгілі болғандай, көрші мемлекеттің азаматы қасиетті Меккеге жаяу бет алған екен. Полицейлер ер адамға жол қауіпсіздігін және ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Кейін тәртіп сақшылары оған азық-түлік пен су алып беріп, қауіпсіздігі үшін автокөлікке отырғызып жіберген.