Журналист Ержан Қалымбайұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында Димаштың Мехикодағы сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Димашты қорғау керек! Мына видеоны көріп қатты алаңдап қалдым. Димаш Жаһанға қазақтың руһын, тілі мен өнерін танытып, мойындатып жүр! Қазақстанның имиджін қалыптастырып, көптеген елдерде ұлттың төлқұжатына айналды. Димаш бүгінде әлемдік деңгейдегі жұлдыз. Сондықтан жанкүейерлерінің көп болары сөзсіз.
Мына жерде қорғаушылар әлсіз көрінді. Олардың тасқындай толқыған жанкүйерлер алдындағы дәрменсіздігі байқалады. Димаштың әлемде миллиондаған жанкүйері бар. Әрбір қазақ тақым қысып отыр. Меніңше, Димаштың қауіпсіздігі мәселесін елдік деңгейде қамтамасыз ету керек. Ұлттың жауһарын көздің қарашығындай сақтау қажет!», - деп жазды ол.