Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Әнші Бейбіт Қорған ұсталды

Отандық танымал әнші Бейбіт Қорған Атырау әуежайында мас күйінде шу шығарып, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетті. Өнер иесі қоғамдық орында тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Көліктегі полицияға сілтеме жасаған Paryz.kz.

Әнші Бейбіт Қорған ұсталды
фото: әлеуметтік желіден

Вндомствоның ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Атырау әуежайында болған. Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 44 жастағы Бейбіт Қорғанды ұстап, хаттама толтырды. Әнші қоғамдық орында тәртіпті сақтамаған және мас күйінде болған.

"Қоғамдық орында тәртіпті сақтамады, бейәдеп сөздер айтты және көліктегі полиция қызметкерлеріне бағынбады. Қоғамдық орында мас күйінде болды. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, әкімшілік жауапқа тарту үшін істі сотқа жіберді. Іс әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша қозғалды. Бүгін Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.