Астанада донер пісіретін «Ахмет донер» атты дәмхананың иесі мекеменің әлеуметтік желідегі парақшасына түйеқұстың бірнеше видеосын таратып, жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Дәлірек айтсақ, ол «түйеқұс екеуміз Астананы шулату үшін келдік» деп түйеқұсты қамап тұрған видеосын салған.
«Еңсеңді тік ұста, басыңды көтер», - деген ол құсты мазақ етіп тұр.
Сондай-ақ белгісіз ер адам түйеқұс пен дәмхананың иесін видеоға түсіре отырып, «Ахмет түйеқұстан донер пісіреді» деп қалжыңдайды.
Тағы бір видеодада дәмхананың иесі мен бір жігіт құстың мойнын бұрап, оны дәмхананың қабырғасына итеріп, ғимараттың ішіне қарай күшпен тартып жатыр.
Біз осы оқиға бойынша Астана қаласының полиция департаментіне сұрау жібердік.