Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Қаншама былық ашылып жатыр»: адвокат шетелдіктер асырап алған Жәнікбекке қатысты ақпарат берді

Адвокат Мейірман Шекеев бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек есімімен танымал Мұрат Савелиевтің сәби күнінде заңсыз сатылған деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Қаншама былық ашылып жатыр»: адвокат шетелдіктер асырап алған Жәнікбекке қатысты ақпарат берді
фото: әлеуметтік желіден

«Жәнібек – Бельгияда асырап алынған қазақ баласы. Кейінірек анықталып жатқандай бала заңсыз сатылған сияқты. Құжаттармен танысу барысында қаншама былықтар ашылып жатыр. Жәнібектің алғашқы келіп биологиялық анасын табу мақсаты нәтижесіз болған», - деді ол желідегі жеке парақшасында.

Қазір іздеу жұмыстары жалғасуда.

«Кейбір ДНҚ тестілеулері жасалғанымен нақты нәтижеге қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, бұл жағдайға қатысты Қазақстанда қылмыстық іс ашылып, тергеу басталды», - деп жазды ол.