Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 21.11.2025 15:56

Өз әйелін түлектер кешінен кейін атып тастаған ер адам 18 жылға сотталды

Ош облысының Өзген аудандық соты 38 жастағы Айзирек Ералиеваны түлектер кешіне барғаны үшін атып өлтірген күйеуін 18 жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24 kg-ға сілтеме жасай отырып.

Өз әйелін түлектер кешінен кейін атып тастаған ер адам 18 жылға сотталды
фото: видеодан скриншот

2025 жылғы 31 шілдеде шыққан сот үкіміне сәйкес, А.Б.К. есімді азамат келесі баптар бойынша кінәлі деп танылған:

Қырғызстан ҚК 122-бабы 2-бөлімі 3-тармағы – «Дәрменсіз күйдегі адамды өлтіру»; ҚК 267-бабы 1-бөлімі – «Қаруды, оқ-дәріні заңсыз айналымға енгізу»;

ҚК 267-бабы 2-бөлімі – «Оқ қаруын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру».

Сот күдіктіге 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, 100 мың сом көлемінде айыппұл салды.