Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Қызын миллиардтарды ұрлаудан тыю керек еді»: жәбірленушілер Перизат Қайраттың анасына шүйлікті

Елорда сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша жәбірленушілердің жарыссөзі аяқталды. Бүгін 12 адам сөз сөйледі. Олардың екеуі айыпталушының анасына қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Қызын миллиардтарды ұрлаудан тыю керек еді»: жәбірленушілер Перизат Қайраттың анасына шүйлікті
фото: әлеуметтік желіден

Жәбірленуші Руслан Томашев Перизат Қайраттың қорына белгілі бір мөлшерде ақша аударғанын айтты, бірақ нақты соманы атаған жоқ. Сонымен қатар ол айыпталушының анасын да аямауды сұрады.

«Шешіммен толықтай келісемін. Көптеген жәбірленуші жасы мен денсаулығын ескеріп, жеңілдік жасау туралы айтып жатыр. Меніңше, мұндай нәрсені түбінен тоқтату керек. Үкімді өзгеріссіз қалдыру қажет. Ешқандай жеңілдік жасалмауы, ауруы, жасы немесе басқа сылтауға жол бермеу керек», – деді жәбірленуші.

Тағы бір жәбірленуші Әмина Аймағанбетова Перизат Қайраттың анасы өз қызының әрекетін қадағалауы тиіс еді деген пікір білдірді.

«Менің ойымша, ең қатаң жаза қолдану қажет. Өйткені анасы қайда қарап отырды? Қызын миллиардтарды ұрлаудан тыю керек еді», – деді ол өз ұстанымын.