Енді Қазақстанда өтетін түрлі деңгейдегі сайлау науқанына діни топтар белсенді араласуы мүмкін. Себебі қазір билік құрылымында діни топтардың өкілі көбейген. Әлеуметтанушы Талғат Жақиянов Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында мәселеге қатысты ойын айтты.
«Кез келген діни ағым билікке ұмтылады. Жекелеген жамағаттар саяси мүделлерді көздеп отырады. Біз сайлау жүйесін өзгерттік Мажоритарлық сайлау жүйесі мен пропорционалдық сайлау жүйесін енгіздік. Енді жекелеген адамдар өз кандитатурасын ұсына алады. Келесі сайлауға діни жамағаттан арнайы дайындықпен келетіндер көп болады.
Сондықтан зайлау заңнамасы мен тетіктеріне зайырлылықты қамтамасыз ететін механизмдерді қамтамасыз ету керек. Бұл – өте маңызды. Біз Конституция бойынша зайырлы мемлекетпіз, билік діннен бөлек. Мемлекет – шартты ұғым, яғни үш тармағы бар: заң шығарушы, атқарушы билік, сот-төрелік. Осы биліктің үш тармағына дін араласып кетті», – деді әлеуметтанушы.