Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Әйелді баспалдақтан итеріп жіберген: Амантай қажының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желіде Амантай қажы Асылбековтің баспалдақтан әйелді итеріп жіберген видеосы желіде тарап кетті. Оқиғаны полиция департаменті де растап отыр, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Әйелді баспалдақтан итеріп жіберген: Амантай қажының үстінен қылмыстық іс қозғалды
фото: видеодан скриншот

Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.