Бүгін, 9 шілдеде Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот отырысы өтуде.
Tengrinews.kz Telegram арнасының хабарлауынша, Перизат Қайрат тергеу изоляторында күзетшілер тарапынан соққыға жығылғанын айтып, бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Ол бұл жайтты сот залында журналистерге жеткізіп, көз жасына ерік берді.
Айта кетейік, Перизат Қайрат мұқтаж жандарға арналған 3 миллиард теңгені жымқырды деген айыппен тергеліп жатыр.