Үндістанда болған ұшақ апатынан дәрігерлер отбасы түгелдей қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Әуе апатына дейін Пратико Жошының отбасы Ұлыбританияда жаңа өмір бастауға дайындалып жүрген.
Пратико Жошы 4 жылдан бері Лондонда рентгенолог болып жұмыс істеген, ал оның әйелі Кони Вьяс Раджастхан штатындағы Баншвар қаласындағы жекеменшік ауруханада патологоанатом маманы болған.
Он жыл бұрын отбасын құрған олардың егіз ұлдары мен бір қызы бар еді. Отағасы әйелі мен балаларын алып, Ұлыбританияға қоныстану үшін Үндістанға ұшып келген.
Туыстарының айтуынша, Кони бір ай бұрын Pacific Hospital ауруханасындағы жұмысынан шығып, сапарға дайындалған.
«Олар сәрсенбі күні Лондонға ұшатын рейске міну үшін Ахмадабадқа жол тартты», – деді жақындарының бірі Наян Жошы.
Оларды туысқандары әуежайға дейін шығарып салып, сапар алдында қоштасқан. Пратико Жошы әйелі Кони Вьяс үш баласымен ұшақ ішінде соңғы рет бақытты сәтінен селфи жасап, жақындарына жіберген.