Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында дәмхананың жанында тұрған бір топ жасөспірімді көлік қағып кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жол апатының видеосы қазір әлеуметтік желіде таралып жатыр. Байқағанымыздай, бір топ жігіт дәмхананың жанында сөйлесіп тұрғанда бір машина оларды қағып кеткен.
«Абай көшесіндегі бір дәмхананың жанында көлік жүргізуші жол шетінде тұрған екі жасөспірімді қағып кетті. Полиция қызметкерлері мас адамды бірден ұстады. Дәрігерлер балаларды тексеріп, үйіне жіберді. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлайды Ұлытау облысының полициясы.
Қазір полиция іс матерталдарын сотқа жолдаған.