Прямая трансляция

Астана

Астана

20.36°C

«Ұлттық спортқа да шоу керек» - Еркебұлан Ілиясов

Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Еркебұлан Ілиясов Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында кәсіби палуандардың орнына боз кілемге танымал актерлер, әншілер мен медиа жұлдыздар бақ сынайтын «Өнер Барысы» – ұлттық спортты қор қылып, мазаққа айналдыратын жоба деген көзқарасқа қатысты ойын айтты. 

«Ұлттық спортқа да шоу керек» - Еркебұлан Ілиясов
фото: видеодан скриншот

«Жапондар да сумоны әзілге айналдырады, халықтың көңілін көтеретін ойын-сауық, пранктер жасайды. Онда тұрған ештеңе жоқ. Шоу спортқа керек. Өзім басым қолдаймын. Шоу деген көрерменді қызықтырады, жанкүйерлерді көбейтеді. Қызық жайттарды видеоға түсіріп таратады, спорттың да, спортшылардың да танымалдығы артады.

UFC сияқты жобалар шоудың күшімен әлемді ұстап тұр. Мысалы, елімізде «Қазақ барысы» өтеді. Ол да шоу былай қарасаң. Аударыспақ, көкпар, арқан тартыстан да шоу жасауға болады. Білекті жігіттер аттың үстінде де күресіп, күш сынасып жатса, көптің назарын аудартатыны анық. Сондықтан шоу керек. Онсыз көрерменді қызықтыра алмаймыз. Ұлттық спорт қауымдастығы алдағы уақытта шоуды да ұйымдастыруы мүмкін», - деді Еркебұлан Сайдоллаұлы.