Прямая трансляция

Астана

Астана

11.19°C

Чилиде отырып, қазақ домбырасына тапсырыс берген әйел оны қолына алғанда көз жасына ерік берген

Қазақстандағы қолөнер шебері Нұрбек Әділбековтің шеберханасынан шыққан домбыраны тапсырыспен Чилиге алдырған Мария есімді домбырамен жылап қауышты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Чилиде отырып, қазақ домбырасына тапсырыс берген әйел оны қолына алғанда көз жасына ерік берген
фото: видеодан скриншот

«Жарты жыл бұрын алыстағы Чили елінен Мария ханым бізбен байланысып, домбыра алғысы келетінін айтқан еді. Көп ұзамай оның таңдауы біздің аққудай ақ домбырамызға түсті. Бір көргеннен ғашық болғандай әсер қалдырған бұл домбыра оған ерекше ұнап, біз оны үлкен сүйіспеншілікпен дайындап, салып жібердік. Арада айлар өтіп, ақ домбырамыз аман-есен өз иесіне жетті. Сол сәтте Мария ханымның домбырамен қауышқан кезіндегі эмоциясы бәрімізді ерекше әсерге бөледі. Оның ұлттық аспапқа деген шексіз махаббатын сөзбен жеткізу қиын, оны тек көзбен көріп, жүрекпен сезу керек», - деп жазды Нұрбек шебер.

Бұдан кейін Мария ханым шеберханаға тағы да ерекше тапсырыс берген екен.

«Бұл жолы ол Дина әжеміз ойнағандай, ескі заманның үні сақталған, ерекше дыбысы бар домбыраны қалап отыр. Мұндай домбыраны дайындау – біз үшін үлкен жауапкершілік әрі мақтаныш. Ұлттық өнерімізге деген осындай сүйіспеншілік пен құрмет бізді шабыттандырады. Рақмет, Мария ханым, сіздің махаббатыңыз біздің домбыраларға жаңа өмір сыйлайды», - дейді ол.

Видеоның астына Марияның өзі де пікір жазған. Оқырман оны Димаштың жанкүйері шығар деп топшылады. «Маған Димаштың жұмысы қатты ұнайды, бірақ қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілігім одан да асып түседі», - деп жазған ол.

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды