Прямая трансляция

Астана

Астана

4.16°C

«Анамның аты – Салтанат»: қазақ отбасы асырап алған әйел жеті шелпек пісіріп, қуырдақ қуырып жүр (ВИДЕО)

Төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Любовь Кузнецова Azattyq Rýhy YouTube-жобасына сұхбат бере отырып, балалық шағы мен оны асырап алған Салтанат атты анасы туралы айтты.

«Анамның аты – Салтанат»: қазақ отбасы асырап алған әйел жеті шелпек пісіріп, қуырдақ қуырып жүр (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Любовь Кузнецова туған ата-анасын мүлде білмейді. Айтуынша, оны шырылдап жатқан шақалақ кезінде әлдекімдер сәбилер үйінің алдына тастап кеткен.

«Мен жетімдер үйінде өстім. Жетімдер үйінің қандай болатынын бәріңіз білетін шығарсыздар. Ол жақтағы өмір жақсы деп айта алмаймын. Балаларыма әрине бұны тілемеймін. Бірақ жетімдер үйі мені көп нәрсеге үйретті. Ондағы қиындықтар мені қамшылай түсті. Мені ата-анам жетімдер үйіне тастап кеткен екен. Өздері туралы еш ақпарат қалдырмаған. Тапқым келсе де таба алмаймын. 15 жасыма дейін жетімдер үйінде тұрдым, содан кейін училище оқуға түстім. Жетімдер үйінде тәртіп пен тазалыққа, үлкендерді сыйлауға үйретті. Осы ретте менің өмірімді өзгерткен, мені бауырына басқан Салтанат атты әйел туралы айтайын. Ол мені ара-тұра үйіне алып кетіп жүрді. Оның үй-іші қазақ отбасы еді. Сол кісінің арқасында тамақ істеп үйрендім», - дейді ол. 

Осы ретте Любовь исламға қалай келгенін және қазақ отбасынан көп дүние үйренгенін айтты. 

«Мен жетімдер үйінде жүргенде-ақ сол қазақ отбасына барып жүрсем де исламның не екенін білмеген едім. Бірақ мен Құдайдың барын үнемі біліп, қиналсам Құдайға жалынатынмын. Училищені бітірген соң өте қиын жағдайға душар болдым. Бізге не үй, не жұмыс бермеді. Менің барар жерім болмаған соң сол Салтанаттың үйіне, яғни, қазақ отбасына бардым. Біраз уақыт сонда тұрып, өзім шыққан жетімдер үйіне жұмысқа бардым. Сол кезде Сара Алпысқызы жетімдер үйінен шыққан балаларға жоғары білім беретін курс өткізді. Мені сол жаққа жіберді. Егер түссең, жоғары білім аласың деді. Алдыма жоғары білім аламын деген мақсат қойдым. Мен Алматыда тусам да Үштөбенің жетімдер үйіне барыппын. Қайта айланып Алматыдағы қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, жоғары білім алдым. Жанымдағы қазақ, мұсылман қыздары ислам туралы айтпаған. Мен намаз оқыған аамды көрмегенмін. Бірақ, бір күні, осыдан 22 жыл бұрын түс көрдім. Сол түс әлі көз алдымда. Үлкен мешіттің ішінде жүр екенбіз. Бір адам «қазір келемін» дейді де келмейді. Бір қарасам, адамды жерлеп жатыр екен. Бәріміз хиджап кигеміз, далаға шықсам аяғымның астында алтын құм, аспан тап-таза. Сол аспанға алтын жұлдыздармен «Алла» деген жазу жазылыпты. Арабша мүлде білмесем де сол сөздің «Алла» деген сөз екенін жақсы біліп тұрдым. Сол сәтте біреу мені тоқпен ұрғандай, исламды қабылдап, бір аптадан кейін намазға жығылдым», - дейді ол. 

Любовь Кузнецова екі рет отбасын құрған. Қазір төрт баласы бар. 

«Мені қазақ отбасы асырап алды. Оларға алғысым шексіз. Ештемеге қарамастан, мені далаға тастамаған Салтанат анама рақмет. Мен негізі өте бақытты адаммын. Әрине, мен бай емеспін. Мен үшін ең бастысы – балаларым. Қазір қазақтың салт-дәстүрін түгел ұстанамын. Көрпеше тігіп, бауырсақ пісіремін. Жеті шелпек пісіріп, дұға етемін», - дейді ол.

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды