Прямая трансляция

Астана

Астана

5.48°C

«Жүрек тұсына, мойына төрт рет пышақ сұққан»: әлем чемпионын бала күнгі досы өлтіріп кеткені айтылды

Алматыда кісі қолынан қаза тапқан ең жас әлем чемпионы Әли Серікті жақын досы пышақтап кеткен. Бұл туралы Paryz.kz агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жүрек тұсына, мойына төрт рет пышақ сұққан»: әлем чемпионын бала күнгі досы өлтіріп кеткені айтылды
Фото: fight.ru

Марқұм жігіттің анасы Әлидің досын «үйден дәм татып жүрген, аралас-құралас адам еді» дейді.

«Жүрек тұсына және мойына 4 рет пышақ сұғып алған. Ана баланың екі қолында 2 пышақ болған ғой. Екеуі бір мектепте, бірі сыныпта оқыған. Ораза кезінде үйге келіп, ауыз ашып, көмектесіп жүретін бала болатын. Әлимен бірге қар күреп жүретін», - дейді қайғадан қан жұтқан ана. 

Әли Серік небәрі 17 жасында муай-тайдан әлем чемпионы атанған, бірқатар халықаралық жарыста топ жарған. Оның бапкері Рамис Ғабитов Әлидің арманын бөлісті. 

«Әли ең жас әлем чемпионы еді. Біз одан үлкен үміт күттік. Ол ылғи да өзінен кейінгі жастарға үлгі болды. Келер жылы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтуі керек еді. Әли сол доданы жеңіп, Азия чемпионатында бас сынамақ болған. Кәсіпқой спортқа түбегейлі кетемін деген мақсаты бар еді», - дейді ол өкінішпен.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынған. Әлидің туыстары тергеудің әділ жүріп, қылмысқа барған адамның қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр.

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды