2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан жалпы 13,3 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оның ішінде:
• 99% (13 191 914 қызмет) – электронды түрде;
• 1% (131 387 қызмет) – қағаз түрінде ұсынылды.
2024 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы:• Барлығы 10 712 667 қызмет көрсетілді:
o 98,4% (10 545 355 қызмет) – электронды түрде;
o 1,6% (167 312 қызмет) – қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметтердің ағымдағы жағдайы:
• Қала аумағында жалпы 165 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
o 85% (140 қызмет) – электронды форматта;
o 15% (25 қызмет) – қағаз жүзінде.
Автоматтандырудағы жетістіктер:
• Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы өңірлік геоақпараттық жүйе арқылы 24 қызметті автоматтандырды, оның ішінде 2 қызмет жаңадан іске қосылды.
Бұл көрсеткіштер Шымкент қаласының цифрландыру бағытындағы даму қарқыны мен тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етуге бағытталған жұмыстардың тиімділігін көрсетеді.