Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Мемлекеттік қызметке іріктеу: жаңа алгоритм шымкентте пилоттық режимде іске қосылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке іріктеу мен конкурс өткізу процесін жаңғыртудың пилоттық жобасын бастады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мемлекеттік қызметке іріктеу: жаңа алгоритм шымкентте пилоттық режимде іске қосылды
Фото: metallicheckiy-portal.ru

Жаңа әдіс ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде қолданылуда.

Іріктеу және конкурс өткізу процестері толықтай цифрландырылды және https://eqyzmet.gov.kz сыртқы интернет-порталы арқылы жүргізіледі. Бұл жаңашылдықтардың басты артықшылығы – ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету.

Ерекшеліктер:
1. Әңгімелесуге дейінгі іріктеу электронды түрде өтеді.
2. Онлайн әңгімелесу: Үміткерлер комиссиямен қашықтан сұхбаттасады.
3. Үшінші тараптың қатысуы: Комиссия құрамында сырттан шақырылған тәуелсіз сарапшы болады, ол сұрақ қоюға және баға беруге тең дәрежеде қатысады.
4. Теңсіздікті жою: Комиссия мүшелері үміткерге өзара ықпал ете алмайды, себебі бағалау жеке-жеке және автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі.
5. Сұрақтардың икемділігі: Сұрақтар алдын ала бекітілмейді, комиссия мүшелері үміткердің жеке және кәсіби құзыреттерін анықтау үшін еркін сипаттағы сұрақтар қоя алады.
6. Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл: Әңгімелесу жазбалары жүйеде сақталады, бұл процестің ашықтығын арттырады.

Жаңа әдіс мемлекеттік қызметке үміткерлер арасында ашық бәсекелестік орнатуға ықпал етеді және кадрларды іріктеуде заманауи технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді.

Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, жаңа алгоритм Қазақстанның басқа өңірлеріне де таратылады деп күтілуде.