Прямая трансляция

Астана

Астана

13.63°C

Мәһр жойылған жоқ — ҚМДБ

ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы мәһр мен қалыңмалға қатысты пәтуаны түсіндіріп берді, — деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәһр жойылған жоқ — ҚМДБ
фото: өскен өңір

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесі «Қалыңмалға дініміз не дейді?» тақырыбында пәтуа шығарған болатын.

Маманның айтуынша, муфтият бұл пәтуаны халықтан көп сұрақ келгеннен кейін шығарған.

«Бұл пәтуаны көпшілік түсінбей қалған сияқты. Әсіресе кей БАҚ өкілдері ақпаратты халыққа «Муфтият мәһрді жоққа шығарды», «қалыңмал мен мәһрді біріктіріп жіберді» деген тақырыпта таратты. Осы мәселенің мән-жайын түсіндіргім келеді. Бізге халықтан мынадай сұрақтар көп келді: «Бұрын ата-бабаларымыз мәһрді айтпайтын. Қазір мешітте имамдар мәһрді сұрайды. Бұл қалай?», — дейді маман.

Елбек Тасболатұлы пәтуаны дұрыс түсінуге шақырды.

«Мәһр — ердің қызға беретін сыйақысы. Бұл міндет болып табылады және некеде айтылмаса да, жігіттің мойнында міндет болып қала береді. Ал бұрынғы кезде ата-бабаларымыз жігіт жақтың тарапынан қалыңмалды қыздың жасауы етіп жіберген кезде қыз осы жасауды мәһр ретінде қабылдаған. Бұл — дәстүр және үрдіс ретінде жүріп келген дүние. Оны халық та, қыз да білетін. Уақыт өте қалыңмал біршама өңірлерде берілмейтін болды. Ондай кезде мәһр айтылуы керек. Осы себептерден мәһр айтылып бастады. Мәһр әрқашан жігіттің мойнында болып есептелінеді. Ал енді қалыңмал берілетін өңірлерде сол қалыңмалды мәһрге жатқызуға бола ма? Пәтуада осы мәселе қозғалған болатын. Қорытындылай келе, жігіт жақтан берілген қалыңмалды қыздың артынан жасау қылып жіберетін болса, қыз осы жасауды мәһр ретінде қабылдауға келісім берсе, сол жіберілген жасау мәһр болып есептелінеді. Бірақ ол мәһр болып есептелінуі үшін қыздың ризалығы керек. Сондықтан ҚМДБ мәһрді жойып жіберген жоқ, дініміз бен дәстүріміздің ұштасқан көрінісін қайтадан жаңғыртты», — деді Елбек Тасболатұлы.

«Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы: Маңғыстаудағы қайғылы оқиға төңірегіндегі фейктерді теріске шығарды