Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Әкелерінің бөлек отбасы бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы анаға үй сыйлады

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков баспанаға мұқтаж жанға үй сыйлап, көпбалалы ананың алғысын алды, деп хабарлайды paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Әкелерінің бөлек отбасы бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы анаға үй сыйлады
фото: видеодан скриншот

Су жаңа пәтердің иесі 4 баланың анасы отбасының жалғыз асыраушысы екен. Алматы қаласында бала-шағасымен жалдамалы пәтерде тұрады. Өзі қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Дархан Жолшыбеков отбасы туралы естіп, жалғызбасты ананың әңгімесін тыңдады.

“Сізге көмек керек деген хабар түсті. Сондықтан біз қазір сізге үй сатып алып келдік, әпке. Мынау сіздің үйіңіздің кілті. Қазір барып рәсімдейміз. Барлық балаңызға бөлме жетеді, әпке. Ешнәрсе уайымдамаңыз. Мен тек себепкер! Әр адам, отбасы, бала бақытты болсын", – деп жазды ол. 

Көпбалалы ана да блогерге жан сырын ақтарып, жеке өмірінен сыр шертті.

“Әкелерінің бөлек отбасы бар. Сол жаққа кетіп қалған. Өзім қатерлі ісікпен ауырамын. Кеше сіздің әйеліңізге той жасап бергеніңізді көріп, “Қыздарыма да осындай адам жолықса екен” деп тілеп едім. Соңғы кезде денсаулығым болмай жүр. Екі рет ота жасалды. Ертең мен өліп қалсам, балаларымды балалар үйіне өткізіп жіберер дп ойлап, баспана алуды жоспарлап жүр едік. Бұл үйді де жалдап тұрамыз. Қазан айындағы пәтер ақыны төлей алмадық. Сатуға шығардым деп айтып кеткен. Бүгін енді өз баспанамыз болады”, – деп жылап қалды бейтаныс әйел.