Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері отставкаға кету керек»:  Экс-сенатор бюджет тапшылығы туралы

Экс-сенатор Мұрат Бақтиярұлы Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында әкімдер мен министрлерде отставка сұрау мәдениеті жоқ екенін айтты. 

«Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері отставкаға кету керек»:  Экс-сенатор бюджет тапшылығы туралы
Фото: Paryz.kz

Оның айтуынша, адам өліміне, экономикалық шығынға алып келген апаттар (орман өрті, су тасқыны) болған аймақтардың әкімдері, сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанда бюджетінде қалыптасқан тапшылыққа байланысты Ұлттық экономика және Қаржы министрлері отставка сұрау керек.    

«Отставка сұрау – саяси қызметтегі мәдениеттің үлкен үлгісі. Мен президент және қоғам алдында жария, ресми түрде отставка сұраған бір ғана әкімді білемін, ол – Ерболат Досаев. Жер дауына байланысты қызметтен босатуын сұрады. Президент оның отставкасын сол жерде қабылдады. Сол сияқты су тасқыны, орман өрті, ЖЭС-і істен шыққан, жарылыс болған, халықты қыста жылусыз қалдырған аймақтардың әкімдері де отставка сұрауға болады ғой. Олар сол апаттар болмайды, дайынбыз деп есеп берді ғой. Мысалы, Ақтөбе әкімі Шахаров пен Атырау әкімі Шәпкеновтің орнында болсам отставка сұрар едім. Қазір бюджетте ақша жоқ, Тапшы. Бюджеттің кіріс-шығыстарын дұрыс жоспарлай алмаған Ұлттық экономика мен Қаржы министрлері де отставкаға кету керек. Парламент депутаттары да олардың отставкаларын талап ете алмады. Ары қарай президент өзі шешеді, отставкасын қабылдаса, қызметтен кетеді, қабылдамаса жұмысын жалғастырады. Есесіне сол министрлердің, әкімдердің ары таза болады. «Отставка сұрадым, президент қабылдамады» деп айта алады», - деді Мұрат Бақтиярұлы.