Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шерзатты сағынған сыныптастары жыр жазып, жалпақ жұртты жылатты

Талғандағы Шерзаттың өлімі жергілікті тұрғындардың қабырғасын қайыстырды. Марқұмның замандастары, сыныптастары, ауылдастары қайғылы жағдайды қабылдар емес. Олар қанды оқиға болған Қамажай дүкенінің алдында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімді жоқтап, құран бағыштайды, гүл шоқтарын, ойыншық, хат пен тәттілер қояды.

Шерзатты сағынған сыныптастары жыр жазып, жалпақ жұртты жылатты
фото: әлеуметтік желіден

Қайғылы оқиға орнына келушілердің қарасы көп. Сыныптастары, достары Шерзатты сағынып, жоқтау жырын да жазыпты. Ulysmedia.kz порталы жыр шумақтарын бөлісті.

«Арманы қалды артында, Арайлап атар таңында Анаңа Алла жар болсын, Дұғада енді жұртың да…

Не болып барады бұл заман Аш қасқырша талаған

Түс көргендей әп-сәтте Аңырап қалды ана жан»… 

Төбелесте қаза тапқан Шерзатқа сынаптастарының шығарған өлеңі осындай.

Сонымен қатар ұстаздары да Шерзаттың әдепті, ешкімнің көңілін қалдырмаған елгезек, бауырмал бала болғанын айтады.