Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

«Бұрынғы Данияр қайта оралады»: Данияр Елеусінов қазіргі жағдайын айтты

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов қазіргі уақытта кешенді ем қабылдап жатқанын айтты, деп жазады paryz.kz.

«Бұрынғы Данияр қайта оралады»: Данияр Елеусінов қазіргі жағдайын айтты
Фото: видиодан скриншот

Боксшы әлеуметтік желідегі тікелей эфирде жағдайы туралы айтып, оқырмандарына үндеу жасады.

«Ассалаумағалейкүм баршаңызға! Міне, мен қазір кешенді ем алып жатырмын. Менде бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Сондықтан біреуді ренжіткеніме, қандай да бір ауыр сөздер айтқаныма назар аудармауларыңызды сұраймын. Ондай жағдай кімнің басынан өтпейді?

Менің тікелей эфирге шығатын жаман әдетім бар. Бірақ енді олай болмайды деп ойлаймын. Өйткені бұл дерттен арылуға шындап бел будым. Жақында қайта сапқа қосыламын. Бұрынғы көңілді, бақытты Данияр қайта оралады», – деп жазды Елеусінов Instagram Stories-те.

Бұған дейін боксшы алкоголизмге шалдыққанын айтып, осыған байланысты ем қабылдап жүргенін мәлімдеген болатын.