Прямая трансляция

Астана

Астана

4.45°C

Арман Дүйсенов Индира Елеместің жертөледегі студиясында жан тапсырған

Танымал композитор Арман Дүйсенов өмірінің соңғы күндерін қайда өткізіп, жаназасы қайда шыққаны белгілі болды, — деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Арман Дүйсенов Индира Елеместің жертөледегі студиясында жан тапсырған
фото: видеодан скриншот

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында танымал әнші Индира Елемес айтып берді.

Марқұм Арман Дүйсенов өмірінің соңғы айларында танымал әнші Индира Елемеске тиесілі жертөледе орналасқан ән жазу студиясында тұрыпты. Өкінішке қарай, өнер иесінің ақтық демі де осы жерде таусылған. Индира Елемес Арман Дүйсеновті туған ағасындай көргенін айтады. 

«Жүрегі тоқтап қалып, бір сәтте өмірден кетіп қалды. Қатты қиналған да жоқ. Ауырып, төсек тартып жатып та қалмады. Студиядағы балалар айтады, су ішті, бәріміз «қалайсыз? бәрі жақсы ма?» деп сұрағанда «иә, бәрі жақсы» деп су ішті де жатып қалды. Сол жатқаннан бір сәтте кетіп қалыпты. Таңғы сағат 8-9-дар шамасы екен», — деп есіне алды Индира Елемес Арман Дүйсеновтің өмірден өткен күнін. 

Индира Елемес үшін Арман Дүйсеновтен айырылған сәт қорқынышты түстей. Тіпті Арман Дүйсенов қайтыс болғаннан кейін әнші оның жаназасын өз шаңырағынан шығарғысы келіпті. Бірақ имамдар екеуінің туыстық байланысы болмағандықтан рұқсат бермепті. 

«Туған ағамдай жақсы көрдім. Қатты құрметтедім. Негізі мұндай тақырыпты қайта қозғау өте ауыр. Бірақ ақиқаты – осы. Біз өз шаңырағымыздан жаназасын шығарғымыз келді. Бірақ имамдар айтты, олай болмайды деп. Былай келгенде, сенің туған ағаң да емес деді. Содан жаназасы Орталық мешітте оқылды», — деді әнші.

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды