Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Қоғам бүгін, 17.07.2024 12:23 Обновлять, 18.07.2024 12:42

Карантин: Жаркентте полицей мейрамханада үйлену тойын жасаған (ФОТО)

Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылар тәртіп сақшысына қолдау көрсетіп, жазба авторын айыптайтын пікір қалдырған...

Карантин: Жаркентте полицей мейрамханада үйлену тойын жасаған (ФОТО)
фото: ашық дереккөз

Алматы облысының Жаркент қаласында полиция қызметкері карантинге қарамастан үйлену тойын ұйымдастырып, қонақтарды қаладағы мейрамханалардың біріне жинаған, деп хабарлады paryz.kz.

Тойдағы суреттер әлеуметтік желіде таралды. Жазбада полицей өзінің үйлену тойын карантин кезеңінде өткізгені айтылады.

Sputnik.kz-тің мәліметінше, видео авторы карантинді сақтауға жауапты адамдардың өздері той тойлап жүргеніне ашуланған. Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылар тәртіп сақшысына қолдау көрсетіп, жазба авторын айыптайтын пікір қалдырған. 

Алматы облыстық Полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады, оның қорытындысы бойынша қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

"Факті бойынша жиналған материал санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жіберілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.