Прямая трансляция

Астана

Астана

4.04°C

«Сені асырап алу үшін»: Жәнібектің бельгиялық анасы 12 мың долларды кімге бергенін айтты

Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев Бельгиядағы асырап алған анасы Валеримен сұхбаттасып, желіде оқырмандары жолдаған сауалдарға жауап алды, деп хабарлайды paryz.kz. 

«Сені асырап алу үшін»: Жәнібектің бельгиялық анасы 12 мың долларды кімге бергенін айтты
Коллаж: in business

«Бельгияда танысқан келіншек арқылы Арқалықтағы балалар үйіне хабарластым. Балалар үйі асырап алуға Жәнібекті, яғни сені ұсынды. Мен Қазақстанға келмей тұрып, Бельгияда жүргенімде Жәнібектің жалғыз фотосы мен мәліметтерді алдым. Одан кейін Арқалыққа жеттім. Балалар үйіне барғанымда Жәнібекті танымайтын адам кейпін таныттым. Қай баланы асырап алатынымды біліп келсем де, өтрік таңдап жүрдім. Өйткені маған солай істе деп айтты», - дейді Валери.

Оның айтуынша, Бельгиядан алдымен Алматыға келген. Сосын Астанаға жеткен. Ал Астанадан Арқалыққа екі ер адам көлікпен апарған. 

«Қазақстандағы қай балалар үйінен бала асырап алсам деген таңдайтын мүмкіндік болған жоқ. Бірақ қандай баланы қалайтынымды айттым. Яғни 2-3 жастан аспаған ұл бала болу керек дедім», - дейді Жәнібектің асырап алған анасы.

Ол Жәнібекті асырап алу үшін 12 мың доллар төледім деп отыр. Сол жерде Америкадан келгендер де болған. Олар 20 мыңнан төлепті. 

«Ақшаны мен ағылшын тілінде сөйлейтін жалғыз адамға бердім. Ол Арқалықтағы балалар үйіне жақын тұрды. Сондықтан мен онымен жақын байланысты болдым. Одан кейін сөйлеспедік. Тек Жәнібек 12-13 жаста болғанда көбірек мәлімет білгім келіп, ол әйелге электрондық пошта арқылы өзім хабарластым.  Бірақ көмектеспеді. Жәнібекті агенттіктер арқылы емес, делдалдың көмегімен асырап алдым», - дейді ол.

Барлық құжаттарды дайындау үшін Қазақстанда екі ай жүрген.

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды