"Олар ұзақ жылдар бойы тұрғын үй кезегі арқылы баспананы кезекпен алуға болатынынан күдер үзіп, күмәнмен қарайтын жағдайға жетті..." - дейді ол.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Нариман Төреғалиев премьер-министрге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады paryz.kz.
"Біздің депутаттық сауалымызға мүмкіндігі шектеулі адамдарға берілетін баспана мәселесі себеп болып отыр. Мүгедек адамдарымыз ұзақ жылдар бойы тұрғын үй кезегі арқылы баспананы кезекпен алуға болатынынан күдер үзіп, күмәнмен қарайтын жағдайға жетті. Оған себеп жоқ емес. Қазіргі таңда, 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жанның 10%-ы баспанаға мұқтаж", - дейді депутат.
Баяндалғанды ескере отырып, төмендегі бірқатар шараны жүзеге асыру қажеттілігі туындауда.
"Көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігін ескере отырып, аталған ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында құзырлы уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар беруді және олардың орындалуын бақылауды сұраймыз", - делінген депутат сауалында.