Прямая трансляция

Астана

Астана

3.85°C

"Ауырсам, аурухана қабылдамайды" - құжаты жоқ қандастардың мұңы

Айжан Бодаубайқызының айтуынша, бұл азаматтардың басты проблемасы – қаражатының жетіспеушілігінде. Әйтпесе ақшасы барлар сатып алып жатқан көрінеді.

"Ауырсам, аурухана қабылдамайды" - құжаты жоқ қандастардың мұңы
фото: дереккөз

Алматы облысы ПД көші-қон басқармасының мәліметі бойынша, аймақта 1180 адам азаматтық ала алмай жүр, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Абдулсаттар отбасы 2007 жылы Ауғанстаннан елімізге оралған. Екі қыз, екі ұлы бар. Отағасы 2009 жылы азаматтық алып, енді бала-шағасының құжаттарына кіріскен кезде айықпас дертке шалдығып, 2012 жылы көз жұмған. Содан бері оның отбасы өлместің күнін көріп келеді екен.

"Қазір мен өзім ауырдым, ауруханаға бардым. Олар қабылдамай жатыр. Ақша алып барайын десем, жағдай жоқ. Ешбір аурухана қабылдамайды. Ауырып мазам болмай жүр. Азаматтық үшін жүгіріп жүрмін. Болмай жатыр. Күйеуіммен де көп жүгірдім. Ары болады, бері болады. Болмайды демейді, болады дейді. Сонымен, міне, жүрміз ғой", -  дейді Мохаммадулла Хаитхал.

Азаматтық болмаған соң бұл үйде ешкімнің тұрақты жұмысы жоқ. Аурухана қабылдамайды. Ақылы қаралуға қаражат жоқ. Әкесі қайтыс болғанда 14 жаста болған Хелалуддин жастайынан бар ауыртпалықты мойнына алып, бауырларына шамасы жеткенше көмектесіп келеді.

"Азаматтығым жоқ, ешқандай жерге жұмысқа алмайды. Бір жағынан қиын. Сосын бір жерге барып цемент түсір дейді, цементке барам. Көмір келеді, көмір қаптаймын. Сөйтіп өмір сүріп жүрмін ғой қазір. Азаматтығым болса, қазір тұрақты бір жұмысқа тұруыма болады. Азаматтықсыз тұруға болмайды. Қай жерге барсам да бірінші азаматтығым болса, жұмысқа аламыз дейді", – деп  Хелалуддин Абдулсаттар да ағынан жарылды.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Алматы облыстық филиалының өкілі Айжан Бодаубайқызының айтуынша, бұл азаматтардың басты проблемасы – қаражатының жетіспеушілігінде. Әйтпесе ақшасы барлар сатып алып жатқан көрінеді. Қазір қандастардың құжаты Алматы облысының көші-қон полициясында жатыр. Ал оларға берілген оралман куәлігінің мерзімі 5 айдан кейін бітеді. Осы уақыт аралығында азаматтық ала алмаса, бұл әулет мүлдем құжатсыз қалуы да бек мүмкін.

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды